"Бәріне дайын болуымыз керек". Рикардо Кака маңызды матч алдында мәлімдеме жасады
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Италиямен өтетін ойын алдында қарсыласы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Италиямен өтетін ойын алдында қарсыласы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Италия құрамасы тәуекелге баратын болады. Еуродағы екі матчта да соңына қарай қақпашының орнына паркетке бесінші ойыншыны шығарып отырды. Демек италиялықтарды тең есеп қанағаттандырмаған. Топтық кезеңдегі үшінші кездесуде олар бізге қарсы барын салары анық. Сол үшін біз бәріне дайын болуымыз керек", - дейді Кака УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының В тобында Қазақстан мен Италия командалары кездеседі. Әзірге екі турдың нәтижесі бойынша Қазақстан 4, Италия 2, Словения 2 және Финляндия 1 ұпай жинады. Қазақстан мен Италия құрамалары бүгін, 28 қаңтар күні кездеседі.
Жарнама