"Бапкеріміз бірінші таймнан кейін бізге...". Дәурен Тұрсағұлов Литва мен Қазақстан арасындағы ойын жайлы

©kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі матчта жеңіске жетті. Алдымен Коста-Рика ойыншыларын 6:1 есебімен ұтса, Литва командасының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Қорытынды есеп 3:0. Осы орайда құрама ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов Vesti.kz тілшісіне литвалықтармен өткен кездесу жайлы пікір білдірді.

"Бұл кездесуде жеңіске жетіп, өз жоспарымызды орындадық деп ойлаймын. Соған қарамастан, литвалықтар өз жанкүйерлерінің алдында ойнағандықтан бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Біз мұның барлығына дайын болдық. Бапкеріміз бірінші таймнан кейін бізге допты ұзақ ұстамауымызды сұрады. Себебі қарсыластарымыз ірі денелі, ұзын екендігін ескертті. Енді топтағы үшінші матч Венесуэла құрамасына қарсы өтеді. Қазірден бастап олардың әлсіз және мықты тұстарын зерттеп жатырмыз", - деді Тұрсағұлов.

Еске салайық, Қазақстан футзалшылары әлем чемпионатының А тобында 6 ұпаймен көш бастап тұр. Сонымен қатар, оңтүстік америкалықтар да 6 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан. Енді топтағы үшінші ойын қыркүйек айының 18 жұлдызы Венесула құрамасына қарсы өтеді. Ол матчты елорда уақытымен 23:00 Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар