Футзал
1 қазан 09:47

Бапкер Қазақстан Аргентинадан ұтылғаны үшін кінәні тек өз мойынан алды

©kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака ширек финалдағы Аргентинаға қарсы ойынды қорытындылады. 

Ташкентте өткен кездесу 1:6 есебімен аргентиналықтар пайдасына аяқталды.

"Бірінші таймда аңдап ойнадық, дұрыс, сенімді. Иә, оңтайсыз сәттер де болды. Екінші таймда өзіміздің ойынды жүргізіп, батылырақ болғымыз келді. Мен өзім ашылып ойнаңдар дедім. 

Бірінші гол болмайтын жерден кірді, екіншісі де. Ары қарай кетті.

Жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын. Мен бірдеңе дұрыс істемеген сияқтымын. Жігіттер үші күн бұрын жақсы ойнап, бүгін нашар ойнап қалуы мүмкін емес. Бағыт пен ойын мәнері дұрыс болмаған сияқты.

"Біздің жолымыз болмады" дей салуға дәтім бармайды. Өзіңді де алдауға болмайды. Не болғанын анықтауымыз керек. Қазір шамамен түсінік бар, енді футболшылар және бапкерлер штабымен отырып, видеоны көріп, сараптама жасау қажет.

Бүгін біз ұтатын команда едік, тым болмағанда бұлай ұтылмауымыз керек болатын", - дейді Кака. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport