"Аят" Чемпиондар Лигасынан шығып қалды

©Аят МФК

Рудныйдың "Аят" футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталы раундына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Хорватиядағы жарыста қазақстандықтар жергілікті "Пула" командасынан 2:5 есебімен ұтылды. Паркет иелері сапында Томас Байзель (13-минут), Роберт Грбич (15-минут), Дарко Миланович (18-минут) және Даниэль Моравац (20, 26-минут) ерекшеленсе, қазақстандықтардан Азат Валиуллин (19-минут) мен Леандро (24-минут) гол салды.

Осылайша, 3 матчта небәрі 1 ұпай еншілеген "Аят" еурокубок турнирінен шығып қалды. Рудныйлықтар топтық кезеңде Хорватияның "Ново Вриемесімен" (2:2) тең түссе, Португалияның "Спортингіне" (1:7) ойсырай ұтылған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар