"Атыраудың" жаңа ойыншысы Чемпиондар лигасына қатыспайды

©

Meta-ratings.kz мәліметінше, "Атырау" футзал клубының жаңа ойыншысы беларусьтік Илья Казак Чемпиондар лигасының алдағы матчтарында өз командасына көмектесе алмайды.

Илья Казак "Атыраудың" еурокубоктағы дебютінде клубқа көмектесуі керек еді. Ол Қазақстан Суперкубогының матчына қатысқан. 

Ал Қазақстан кубогы топтық кезеңінің бірінші турындағы "Рахметке" қарсы матчта жарақат алды. Қазір елордадағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр. 

Казак кем дегенде бір ай ойнай алмайды, сондықтан Чемпиондар лигасында атыраулық клубқа көмектеспейді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар