Арнольд Кнауб Қазақстан құрамасына қосылу үшін Нидерландыға кетті

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Нидерландыға кетті, деп хабарлайды futsalkazakhstan. 

Кнауб коронавирус жұқтырып, Еуропа чемпионатының Словенияға қарсы алғашқы кездесуіне қатыса алмады. Ол бүгін Нидерландыға аттанып, құрама сапына қосылады. 

Ал құрамамыздың бас бапкері Пауло Рикардо Кака әлі Қазақстанда. Оның құрама сапына қашан қосылатыны белгісіз. 

Еске салайық, Словенияға қарсы алғашқы кездесу 4:4 есебімен тең аяқталды. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 24 қаңтар күні Гронинген қаласында Финляндияға қарсы өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар