0:2 есебімен ұтылып жатып. Португалия құрамасы Еуро-2022 финалына шықты

©Getty Images

Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында екінші финалист анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Испаниямен тартысты матчта португалиялықтар камбэк жасады. Бірінші таймның қорытындысы бойынша испаниялықтар 0:2 есебімен ұтып жатты. Алайда үзілістен кейін Португалия ойыншылары үш гол соғып кетті.

Португалия құрамасының сапында Бруну Коэлью (28-минут) және Зики (31, 38) ерекшеленді. Ал Испания командасынан Рауль Гомес (17) пен Чино (12) көзге түсті.

Енді 6 ақпанда турнирдің финалында Ресей мен Португалия футзалшылары кездеседі. Еске салайық, Португалия құрамасы өткен жылы Литвада өткен әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар