"Тартыл да миллион жеңіп ал!". Астанада Tartyl Fest Гранд-финалы өтеді

©instagram.com/daraqory

Республикалық Tartyl Fest споттық фестивалінің Гранд-финалына қатысушылар 54 миллионды бөліседі, деп хабарлайды президент жанындағы "DARA" дарындыларды қолдау қорының баспасөз қызметі. 

Турнир 18 ақпан Астанадағы Jekpe-jek сарайында өтеді. Қатысушылар Қазақстанның барлық қалаларынан іріктелген кіл мықтылар. 

"20 қаладан 9 санат бойынша анықталған 180 жеңімпаз, 2023 жылдың 18 ақпанында Астана қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. Жалпы жүлде қоры 54 миллион теңге" - делінген баспасөз хабарламасында. 

Турнир идеясының авторы "DARA" дарындыларды қолдау қорының президенті, белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев. 

Гранд-финалдың жүлде қоры келесідей бөлінеді:

1-орын - 3 миллион теңге;
2-орын - 2 миллион теңге;
3-орын - 1 миллион теңге.

17 ақпанда финалға қатысушылар салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. Ал Гран-финалға қонақ ретінде белгілі спортшылар, блогерлер мен шоу-бизнес жұлдыздары қатысады. 

Еске салайық, Tartyl Fest Қазақстанда бірінші рет өтіп отыр. Ол президент жанындағы "DARA" дарындыларды қолдау қорымен ұйымдастырылды. Бұл қор мұқым Қазақстан бойынша таланттарды тауып, олардың әлемдік деңгейге шыға алуына мүмкіндік беруді мақсат еткен. 

Жоба абассадоры Айтым Жақыпов - қоғам қарйтакері, бапкер әрі актер, еліміз бен әлемде Street Workout бойынша рекордсмен, Street Lifting бойынша Еуропа рекордсмені және Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: