Массовый спорт
23 қаңтар 2019 18:35
 
Семейде қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өтті

  Пікірлер

blog.share

Семейде қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өтті

Семей қаласының "Тарлан" спорттық-сауықтыру кешенінде салауатты өмір салтын насихаттау және армиялық қоян-қолтық ұрысын дамыту мақсатында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирге Семей гарнизонының, қалалық полиция бөлімінің, "Номад", "Жастар" және "Спарта" спорт клубтарының спортшылары, сондай-ақ қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен қалалық Таеквондо федерациясының өкілдері 9 салмақ категориясында сайысқан 154 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 55 келі салмақ дәрежесінде ефрейтор Қасымханов Нұрзат, 60 келіде майор Жұмағалиев Азамат, 65 келіде қатардағы Қабыкенов Дулат, 70 келі салмақта ефрейтор Дүйсенбеков Бақытжан, 75 келі салмақта ефрейтор Утисинов Руслан, 80 келі салмақта лейтенант Карлыбай Бекболат, 85 келі салмағында аға сержант Өмірбаев Қалкен және 85 келіден жоғары салмақта 2 сынып сержанты Молдаханов Мәди жеңімпаз аталды. Сержант Наметов Арнат үздік техника үшін жүлдеге ие болды, ал шайқасты ең жылдам аяқтағаны үшін ефрейтор Дүйсенбеков Бақытжан марапатталды.

Бұл әскери қызметшілер "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының біріккен құрамасына кірді және ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласында өтетін Қарулы Күштердің чемпионатында өнер көрсетеді.

Сайыстың құрметті қонақтары болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қолбасшылығының бас қолбасшысы генерал-майор Бектанов Мұрат, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, "Жас Ұлан" әскерилендірілген лицей курсанттары, қаланың спорттық-сауықтыру кешендерінің бастықтары, Шығыс Қазақстан облысының «Қазақ күресі» федерациясының президенті, "Семей инжиниринг" компаниясының директоры Нұрлан Омаров қатысты.

Жарнама

Живи спортом!