Илья Ильин жаңа басшылық қызметке тағайындалды

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Қазақстан спортшылары одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратын болды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісі арқылы хабарлады. 

"Қазақстан спортшылары одағының Қызылорда облысы бойынша филиалына басшылық ететінім туралы жаңалықпен бөліскім келеді. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген. Алда туған өңірімдегі спортты дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар. Мақсаттарым биік, ал оны міндетті түрде орындаймыз", - деп жазыпты Ильин. 

Метки: