auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ең қолжетімді спорт жайлы не білеміз?

Ең қолжетімді спорт жайлы не білеміз?
© vesti.kz

Vesti.kz порталының "Живи спортом" жобасының үшінші шығарылымы жаппай жүгіру спортына арналды. Жеңіл атлетиканың бұл түрі әлемдегі ең танымал әрі денсаулыққа пайдалысы саналады. Қазір Қазақстанда күшін сынап көргісі келетін әуесқойлар үшін көп жарыстар өткізіліп жатыр.

Сайтқа сарапшы ретінде "Алматы Марафон" директоры Салтанат Қазыбаева таңдалды. Ол осы спорт түрінің қыр-сырымен бөлісіп қана қоймай, жарыстарды ұйымдастыру туралы да біраз тәжірибесімен бөліседі.


Жаппай жүгіру жайлы жалпы ақпарат

Бірінші кезекте әуесқой жүгіру кез келген адамға қолжетімді. Жаттығуды физикалық формаға қарамастан бастауға болады. Жүгіру жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесін жаттықтырады. Оған қоса жүгіру арқылы салмақ тастауға болады. Жаттығу жоспарын дұрыс таңдаған жағдайда артық салмақтан арылуға таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, шыдамдылыққа, өзіне деген сенімділікке, психологиялық төзімділікке үйретіп, иммунитеттің жақсаруына әсер етеді. Жүгіру кезінде ағзаның негізгі функиялары оянады. Заманауи қоғамда жүгіру медитацияның бір түріне айналған. Бұл өзіңмен жеке қалуға, ойыңды жинақтауға тамаша мүмкіндік. Мысалы мен жүгірген кезде шешілмей жүрген мәселелерімнің жолын іздеуге тырысамын, өйткені жүгіру іс-әрекеттің тиімділігін арттырады.

Жүгіру спорттың патшайымы саналатын жеңіл атлетикаға жатады. Дәл қазір бұл спорт түрі елімізде қарыштап дамып келеді. Кез келген адамға жүгіру үшін қолайлы жағдай жасалған. Жүгіріп бастау үшін тек дұрыс спорт аяқкиімі мен ниет қажет, - дейді Қазыбаева.

 

Жүгірудің Қазақстандағы даму қарқыны

Жүгіру әлем бойынша да, Қазақстанда да танымал спорт түріне жатады. Оған қоса жыл өткен сайын жүгірудің ел арасынадғы танымалдығы артып келеді. Алматы және бүкіл Қазақстан бойынша нақты статистика бар. Егер "Алматы Марафоны" алғаш ұйымдастырылған кезде екі жарым мың желаяқ қатысуға ниет білдірсе, биыл олардың саны 17 мыңға жеткен. Жаппай жүгіруге тек қазақстандықтар ғана емес, әлемнің 53 елінен келген желаяқтар қатысқан. Биыл 21 адам "Алматы Марафонының" амбассадоры болды. Олардың әрқайсы 20 адамнан тұратын команда жинап, жаппай жүгіруде бақ сынады.

Жүгіруге ниет білдіргендердің жас шамасы әртүрлі. 83 жастағы қария да салауатты өмір салтын сақтап, жүгіруге қатысты. Ал жалпы орташа жас - 31-32. Жас бойынша шектеу жоқ. Ең бастысы денсаулықтың мығым болуы. Біз кішкентай баладан бастап қарияға дейін жүгіруге баулуға тырысамыз. Статистика бойынша олардың саны артып келеді.

Жаппай жүгіруге алғашқы қатысушылар ең қысқа қашықтықты таңдайды. Ал келер жылы сәл көбейте түседі. Демек ол шыңдалып, дайындалып, деңгейі көтерілген. Ең танымал қашықтық - 10 шақырым. Биыл 10 мыңға жуық адам осы қашықтықты жүгіріп өткен.

Ерекшелігі неде?

Жоғарыда айтып өткенімдей, жүгіру - ең қолжетімді және арзан спорт түрі. Тек киім алуға шығындаласыз. Саябақта, стадионда, көшеде, кез келген жерде және кез келген уақытта жүгіруге болады. Бұл жағынан ешқандай қатып қалған ереже жоқ. Әркім өз уақытына қарай ыңғайлап алады.

Денсаулықты жақсарту үшін жүгіру организмнің және дене мүшелерінің қалыпқа келуіне сеп болады. Басты ерекшелігі - кішкентай қан тамырларының ұлғаюы және барлық жасушалардың оттегімен толуы. Оның үстіне жүгіру зат алмасуын жылдамдата түседі. Мұның бәрі ағзаның сауығуына әсер етеді.

Жарақат алу қаупі

Статистика бойынша әуесқой желаяқтардың 70 проценті жарақат алады екен. Бұл бірінші кезекте жаттығу кезінде жіберетін қателерге байланысты. Сол себепті жаттықтырушының қол астында дайындық жұмыстарын жасауға кеңес береміз. Тым болмағанда жаттықтырушыдан жүгірудің базалық техникасын үйрену қажет. Барынша пайдалы әрі қауіпсіз болу үшін аптасына 3-4 рет 30-40 шақырым жүгіріп отыру қажет.

Кімдерге жүгіруге болмайды?

Жүгіруді енді бастаған адамдарға медициналық тексеруден өтіп, жаттығуды бастамас бұрын дәрігермен кеңесуді ұсынамыз. Өйткені жүгіруге болмайтын адамдар да кездеседі. Әр адамның ағзасы әртүрлі. Алыстан нашар көретіндер, созылмалы аурулардың асқынуы, жүрек-қан тамырлары ауруы барлар және дене буыны ауыратындарға жүгіруге болмайды.

Қашан және қай жерде жүгіру қажет?

Жылдың кез келген мерзімінде жүгіруге болады. Кей адам күн суықта жүгірудің пайдасынан зияны көп дейді. Алайда бұл қате пікір. Ең маңыздысы дұрыс киіну. Оның үстіне адам күн суықта жаз мезгілінде жүгіргенге қарағанда аз күш-қуат жұмсайды. Өйткені ағза денені салқындату үшін күш-қуат жұмсап, көп су жоғалтады. Суық күнде жүгіруді қаламасаңыз, елімізде жабық жүгіру алаңдары жетерлік. Арасында тегіні де, ақылысы да кезедседі.

Не киеміз?

Өзге спорт түрлеріне қарағанда жүгіру үшін аз шығындаласыз. Бастысы ыңғайлы спорт аяқкиімінің болғаны жеткілікті. Кез келген брендте желаяқтарға арналған аяқкиімдері бар. Егер жүгіруді ең бастасаңыз орта деңгейлі табаны мықты аяқкиімді таңдаңыз. Формаға келер болсақ, бұл жыл мезгіліне байланысты. Жазды күндері шолақ не спорт шалбары, жеңіл жейде немесе жүгіруге арналған майка киген ыңғайлы. Суық мезгілде кәжек, термошалбар, баскиім, жылы шұлық, шарф кию міндетті.

Қай жастан бастап жаттығуды бастауға болады?

Бұл тұрғыда қатып қалған ереже жоқ. Жүгіруді дамыту үшін балалар арасында түрлі жарыстар өткізіп тұрамыз. Әрине олар 100-200 метр секілді қысқа қашықтыққа жүгіреді. Дегенмен осы бастан балаларды жүгіруге баулу қажет, спортқа деген махаббатты ояту керек. Мамандардың айтуы бойынша 10 жастан бастап жүгірумен айланысқан дұрыс.

Қазақстандағы әуесқойларға арналған жарыстар

"Қазіргі таңда әуесқойлар арасында жүгіруден түрлі жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Мысалы біз "Алматы Марафонынан" бөлек бір жыл ішінде тағы 20 жарыс өткіземіз. Тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның барлық қалаларында жарыстар өтіп тұрады", - деп қорытындылады Салтанат Қазыбаева.

Айта кетейік, Vesti.kz сайты "Живи спортом" жобасын жуырда ғана бастаған болатын. Негізгі мақсат - елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазатын болады. Сарапшылар ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады.

"Спортпен өмір сүр" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жарнама