Астанада марафон өткізу үшін бірнеше даңғыл уақытша жабылады
"AstanaMarathon-2018" марафонын өткізуге байланысты, 16 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша көлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап
"AstanaMarathon-2018" марафонын өткізуге байланысты, 16 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша көлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап
Astana Marathon-2018 жасы 18-ден асқан қатысушыларға 42.2 шақырым, ал 16 және одан жоғары жастағыларға 10 шақырымқашықтықты бағындыруды ұсынады. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады. Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеуден өту қажет.
Соынмен қатар, №11 автобус бағытындағы қоғамдық көліктің де қозғалысын уақытша тоқтату жоспарлануда. Осыған байланысты ІІД әкімшілік полиция басқармасы астана тұрғындары мен қонақтарынан автокөліктегі қозғалыстарын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауын сұранады.
Айта кетейік, 16 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді. Спорттық шараға қатысуға әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет білдірген, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Астана қалалық Мәдение және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деп отыр, оның 320-сы - шетелдік агенттер. Қатысуға ниет білдірген елдер арасында Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания бар. Марафон қашықтығының бағытын IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған.
Жарнама