Жаппай спорт
11 мамыр 2019 17:42
 
Ақтөбеде ашық марафоны өтті

  Пікірлер

blog.share

Ақтөбеде ашық марафоны өтті

Ақтөбеде ҚР Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуына арналған AQTÓBE RUN - 2019 ашық марафоны өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 мамыр, сенбі күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан AQTÓBE RUN - 2019 ашық республикалық марафоны өткізілді. Қаламыздың төрінде орын алған марафонның ерекшілігі оған басқа аймақ тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, спорттық жарыстың қатысушыларын құттықтады. Сондай-ақ, тұрғындарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды.

AQTÓBE RUN - 2019 марафонының 500-ге жуық қатысушылары өңірдің орталық көшелерін 5 және 10 шақырым бойынша жүгіріп өтті.

Дүбірлі дода барысында әртүрлі жас дәрежесіндегі спортшылар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш марафон биылғы жылдан бастап ҚР Х-шы жазғы Универсиадасының бағдарламасына енгізіліп, Ақтөбе қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Ал жыл сайынғы дәстүрлі марафон 8 маусым күні өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Жарнама

Живи спортом!