Златан Ибрагимович Чемпиондар лигасында ойнамайды

©GLP

"Милан" шабуылшысы Чемпиондар Лигасында ойнайтын құрамға ілікпеді, деп жазады "Спорт-Экспресс".

Сонымен қатар, бұл тізімге Киприан Татарушану, Астер Вранкс, Малик Тиау, Ясин Адли және Темуэ Бакайоко ілінбей қалды.

Белгілі болғандай, 40 жастағы швециялық форвард жарақатынан толық айықпаған.

Еске салайық, Ибрагимович өткен маусымда "Милан" сапында Италия чемпионы атанды. Италиялық клуб бұл жетістікке 2010/2011 жылғы маусымнан бері жетпеген еді. Ал Златан болса былтыр "Миланда" сегіз гол соқты. Әлемнің ең нәтижелі шабуылшыларының бірі биыл қазан айында 41 жасқа толады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?