Винисиус Жуниор Чемпиондар Лигасының рекордын орнатты

Сурет "Реал" сайтынан алынды.
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің бірінші турында «Шахтермен» өткен матчта (2:3) тарихи жетістікке қол жеткізді.

Шабуылшы алаңға шығып 15 секундтан кейін қарсылас қақпасына гол соқты,- деп хабарлайды Opta Sport. Бұл 2006/2007 жылғы маусымнан бергі ең жақсы көрсеткіш.

Бірінші таймда "Шахтер" "Реал Мадрид" қақпасына үш гол соқты. Украиналық команда сапынан Тите мен Манор Соломон гол соқты. Ал Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол соғып алды.

Матчтың 54-минутында Лука Модрич гол соғып, есепті қысқартқан еді. Бес минуттан кейін Винисиус Жуниор допты Марлостан тартып алып, командасының екінші голын соқты. Қосымша уақытта төреші Вальверденің соққан голын есептемей қойды.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?