УЕФА Чемпиондар лигасындағы "Астананың" бірінші матчына төрешілерді тағайындады

"Астана" ФК
УЕФА бресттік Динамо мен Астана арасындағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчына төрешілерді тағайындады.

Кездесуде Томаш Мусял бастаған поляктық төрешілер тобы қызмет көрсетеді. Оған өз отандастары Радослав Сейка мен Марцин Бонек көмекке келсе, төртінші төреші - Павел Рачковский болмақ.

Матчтың өзі Брест қаласында 18-19 тамызға қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.

Турнирдің қазіргі жағдайына қарай жеңімпаз бір матчтың нәтижесі бойынша анықталады. Тең түскен жағдайда қосымша уақыт немесе пенальти беріледі.

"Астана" - "Динамо" жұбының жеңімпазы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі валийлік "Коннас-К" мен босниялық "Сараево" командаларымен кездеседі.
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?