Руни "Барселонаға" қарсы дұрыс тактика таңдамаған Алекс Фергюсонды сынап тастады

Сурет: PA:Empics Sport
"Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни 2009 және 2011 жылдары Чемпиондар лигасының финалында таңдаған тактика үшін Алекс Фергюсонды сынап тастады. 

Еске салайық, бұл екі ойында "МЮ" каталониялық "Барселона" командасына 0:2 және 1:3 есептерімен ұтылып қалды. 

"Біз Гвардиоланың "Барселонасына" екі рет Чемпиондар лигасының финалын қатты қысым жасап, жылдам қимылдаймыз деп ұтылып қалдық. "Барселонаға" қарсы бұлай ойнау - өз-өзіңе ор қазғанмен тең. Сэр Алекс Фергюсонның "Біз - "Манчестер Юнайтедпіз", біз тек шабуылдаймыз, бұл осы клубтың футбол мәдениетіне тиесілі дүние", - деген сөздері есімде. Бірақ мен бұл тактикаға сенген жоқпын. Менің ойымша, барлық футболшылар бұл тактиканың дұрыс емес екенін іштей сезіп, 2008 жылы жемісін берген жүйені ұстану керектігін ойлады. Сөйтіп, біз екі рет ұтылдық", - деп келтіреді Рунидің сөзін Give me Sport. 



Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?