auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Роналду Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын қайталады

Келесі гол Роналдуды көш басына шығарады.

Роналду Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын қайталады
Сурет "Ювентус" сайтынан алынды.
Турин қаласындағы "Альянц - Ювентус" стадионында Чемпиондар лигасының 4-тур матчы болып өтті. G тобында "Ювентус" "Ференцварошпен" кездесті. Ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

"Ювентус" сапындағы алғашқы голды Криштиану Роналду соқты. Twitter-де OptaPaolo хабарлағандай, Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы өз алаңында өткен матчтарда гол соғу көрсеткіші бойынша "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиді қуып жетті. Екі ойыншының еншісінде де 70 голдан бар.

4 турдан кейін "Ювентус" 9 ұпаймен G тобының турнирлік кестесінде екінші орынға тұрақтады. Команда көшбасшы "Барселонадан" 3 ұпайға артта қалып келе жатыр. Және екі команда да плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алып үлгерді.

Чемпиондар лигасының келесі турында "Ювентус" "Динамо Киевпен" ойнайды. Матч 2 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар