Роналду Чемпиондар лигасы ойыны алдында шаш үлгісін өзгертті

Криштиану Роналду. Сурет: /twitter.com/cristiano
Туриндік "Ювентус" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Лионға" қарсы кездесу алдында шаш үлгісін өзгертті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы әлеуметтік желісінде сурет салып, "Керемет турнир қайта оралды"- деп жазды. 



Роналду бұйраланып өсіп келе жатқан шашын қысқартып тастапты. Ұзын шашымен ол Италия біріншілігінің соңғы турларында ойнаған еді. 

Еске салайық, "Ювентус" пен "Лион" арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші кездесуі 0:1 есебімен аяқталған еді. Жауапты кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. 



Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?