"Реал" мен "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Чемпиондар лигасының ширек финалына бірінші болып мадридтік "Реал" мен "Ливерпуль" шықты. "Пари Сен-Жермен" мен "Порту" жарыстан шығып қалды.
Чемпиондар лигасының ширек финалына бірінші болып мадридтік "Реал" мен "Ливерпуль" шықты. "Пари Сен-Жермен" мен "Порту" жарыстан шығып қалды.
ПСЖ "Парк де Пренс" аренасында "Реал Мадридті" қабылдады. Кездесудің 51-ші минутында испаниялық клубтың сұрмергені Криштиану Роналду есеп ашты. 66-шы минутта париждіктер екі сары қағаз алған Марко Верраттисіз ойынды жалғастырды. 71-ші минутта алаң иелерінің шабуылшысы Эдинсон Кавани есепті теңестірді. Алайда он минут өткенде қонақтардың сапында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Карлос Каземиро есепті еселеді (2:1). Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша 5:2 есебімен "Реал ширек финалға шықты.
"Ливерпуля" мен "Порту" арасындағы кездесу тең аяқталды. Бірінші ойында Юрген Клопп бастаған ұлыбрияниялық клубтың футболшылары қарсыластарын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты.
Чемпиондар лигасының финалы Киевтің "Олимпийский" стадионында өтеді.
Жарнама