ПСЖ командасы "Реалдың" рекордын жаңартуға жақын қалды

Сурет: УЕФА
Кеше түнде франциялық ПСЖ командасы италиялық "Атланта" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша бұл команда Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. 

Париждік команда Чемпиондар лигасының жартылай финалына 25 жылдан кейін шығып отыр. Сонымен қатар бұл команда турнирдің 33 ойынында қатарынан гол соғып келе жатыр. Бұл көрсеткіш бойынша Томас Тухель командасы "Реалдың" рекордын жаңартуға жақын. "Корольдік клуб" Чемпиондар лигасының 34 ойынында қатар гол соққан болатын. 

Жалпы ПСЖ соңғы рет қарсыласы қақпасына тек 2016 жылы гол соқпады. Ол кезде "Манчестер Сити" командасы қақпасына гол өткізбеді. Ал ойын 1:0 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, франциялық команда жартылай финалдан "Лейпциг" - "Атлетико" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 


Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?