Лига чемпионов
2 мамыр 2018 15:48
 
"Пенальти белгілеу керек еді". "Реал" футболшысы Чемпиондар лигасының жартылай финалында қолмен ойнағанын мойындады

  Пікірлер

blog.share

"Пенальти белгілеу керек еді". "Реал" футболшысы Чемпиондар лигасының жартылай финалында қолмен ойнағанын мойындады Марсело. Сурет: Getty Images

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Марсело Чемпиондар лигасы жартылай финалында "Баварияға" қарсы ойында айып алаңында қолмен ойнағанын мойындады. 

Бұл жағдай бірінші таймның соңында болған еді. Бірақ кездесудің төрешісі Джюнейт Чакир 11 метрлік айып добын белгілеген жоқ. "Бавария" футболшылары болса бұл жағдайға төрешіні дұрыстап қарауын сұраған еді, дегенмен ол өз ойын өзгерткен жоқ. 

"Доп менің қолыма тиді. Пенальти белгілеу керек пе еді? Егер доп менің қолыма тиген болса иә деп ойлаймын", - деп келтіреді бразилиялық қорғаушының сөзін Eurosport порталы. 

"Егер доп қолыма тимеді десем, өтірік айтқан болар едім", - деп жеткізді Марселоның сөзін fourfourtwo.com. 

Еске салайық, "Реал" мен "Бавария" арасындағы жауапты кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ал бірінші кездесу 2:1 есебімен мадридтік команданың пайдасына аяқталды. Осылайша "Реал" үшінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының финалына шығып отыр. 

Жарнама

Живи спортом!