Неймар "Манчестер Ситиге" қарсы ойыннан кейін сынның астында қалды

Сурет "ПСЖ" сайтынан алынды.

Бірнеше топ клубтардың бұрынғы бас бапкері болған Фабио Капелло Чемпиондар лигасындағы "Манчестер Сити" мен ПСЖ командалары арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті. Бұл ойында ағылшындық команда 2:0 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш рет турнирдің финалына шықты. 

"Манчестер Сити" ойыншылары жақсы қорғанады және қорғаныс кезінде бір-біріне жақсы көмектеседі. Бұл осы ең мықты ұжымдардың бірі. Өткен ойынның ең мықтысы - Фернандиньо. Ол қарсыластың барлық ойыншыларын тоқтатып тұрды. Гвардиола бразилиялықты жақсы пайдаланды. 

Мен бұл ойында Неймарға үміт артқан едім. Ол ойынды өз қолына алып, бірнәрсе ұйымдастыра ма деген ой болды. Бірақ Неймардан еш пайда болмады. Шабуылшы көп алдасты, бірақ, қарсыластарынан өте алмады. Ол команда лидері бола алмады. Команданың көшбасшысы ұжымды алға сүйреп, нәтиже береді. Алайда ол көп сөйлегеннен басқа, ештеме тындырмады. 

Ди Марияның да ойыны ұнамады. Оған қызыл қағаз дұрыс көрсетілмеді. Осы бір жерде Фернандиньо әдемі құлады. Ал төреші алданып қалды. Негізі екеуіне де сары қағаздан беру керек еді", - деп  келтіреді бапкердің сөзін Sky Sport Italia. 

Айта кетейік, "Манчестер Ситидің" финалдағы қарсыласы бүгін "Челси" мен "Реал" командалары арасындағы жауапты кездесуде анықталады. Бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. 

Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?