Неймар Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

Сурет: УЕФА
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар "Аталантамен" (2-1) болған ширек финалдық кездесуде Чемпиондар лигасының рекордын орнатты.

Twitter-де WhoScored хабарлағандай, 28 жастағы бразилиялық кешегі кездесуде 16 рет қарсыласын сәтті алдап өтті.

Алдыңғы рекордты "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Наполи" шабуылшысы Лоренцо Инсинье жасаған еді. Олар бір матчта қарсыластарын 11 рет сәтті алдап өткен екен.

Жартылай финалда Томас Тухель шәкірттерінің қарсыласы "Атлетико" - "РБ Лейпциг" жұбының жеңімпазы болады.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?