Мессиді Чемпиондар лигасында кім тоқтата алатыны айтылды

Лионель Месси. Фото: Reuters©
"Бавария" командасының басқарма төрарағасы Карл-Хайнц Румменигге оның командасының қорғаушысы Альфонсо Дэвис "Барселонаның" капитаны Лионель Мессиді тоқтата алатынына сенімді. 

"Альфонсо керемет маусым өткізді. Лайықты түрде Бундеслиганың үздік жаңа ойыншысы атаны. Егер Месси оның қапталында ойнайтын болса, Альфонсо оны тоқтата алады. Бұл қиын, әрі қызық тапсырма болады. Бұл маусымда Дэвисті ешкім алдап, оза алған жоқ", - деп келтіреді Румминигтің сөзін Eurosport порталы. 

Айта кетейік, "Барселона" мен "Бавария" арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финал кездесуін бүгін Лиссабон қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. 

Бұған дейін ЧЛ ширек финалында "Лейпциг" командасы "Атлетико" ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан. Енді олар ПСЖ командасымен кездеседі. Франциялық ұжым "Аталантаны" 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шығып еді. 





Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?