Лига чемпионов
25 тамыз 2020 14:52

Месси мен Роналду бірінші рет Чемпиондар лигасының үздіктер құрамына кіре алмай қалды

Сурет: Bleacher Report
Goal.com порталының тілшілері 2019/20 жылғы маусымның символикалық құрамын жариялады. 

Бұл құрамға мюнхэндік "Баварияның" сегіз футболшысы кірген. Олар Мануэль Нойер, Йозуа Киммих, Давид Алаба, Альфонсо Дэвис, Серж Гнабри, Тьяго Алькантара, Томас Мюллер, Роберт Левандовски. Сонымен қатар тізімде Дайо Упамекано ("РБ Лейпциг"), Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд), Неймар ("Пари Сен-Жермен") секілді футболшылар бар. 

Бір қызығы тізімге каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси мен туриндік "Ювентустің" шабуылшысы Криштиану Роналду қосылмаған. Еске салайық, "Барселона" Чемпиондар лигасының ширек финалында сүрінсе, италиялық команда 1/8 финалдан аса алмады. 

Айта кетейік, бұған дейін Месси мен Роналду бұл басылымның үздіктер құрамында жеті жыл бойы кіріп келген еді. 

Чемпиондар лигасының биылғы маусымдағы финалы 23 тамызда өтті. Шешуші матчта "Бавария" ПСЖ командасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды Кингсли Коман соқты. Осылайша германиялық ұжым Чемпиондар лигасын алтыншы рет жеңді.