Месси мен Фати Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Сурет "Барселона" сайтынан алынды.
"Барселонаның" 33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси УЕФА Чемпиондар Лигасынның топтық кезеңінің 1-ші турында венгриялық "Ференцварошпен" болған ойында тарихи жетістікке қол жеткізді, бұл ойын 5-1 есебімен каталондық клубтың пайдасына аяқталды.

Осы кездесуде бір голды өз еншісіне жазған Лионель Месси Чемпиондар лигасы тарихында 16 маусым қатарынан (2005/2006 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін) гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Ансу Фати 18 жасқа толар алдында Чемпиондар лигасында екі гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды,- деп хабарлайды Gracenote.

Ойыншы топтық кезеңнің бірінші турындағы венгриялық "Ференцварошпен" (5:1) болған ойында Френки де Йонгтың нәтижелі пасынан кейін гол соқты. Фати Чемпиондар Лигасындағы алғашқы голын 2019 жылдың 10 желтоқсанында "Интер" қақпасына соққан еді.

Ансу Фати 2002 жылы 31 қазанда дүниеге келген, 2019 жылдан бастап "Барселонаның" негізгі командасында ойнайды. Ла Лиганың ағымдағы маусымында ол "Барселона" сапында төрт матч өткізіп, үш гол соқты. Одан бөлек Испания құрамасы үшін үш кездесуге қатысып, бір голмен көзге түсті.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?