Левандовскиге Роналдудың рекордынан асып түсу мүмкіндігі туды

Сурет "Баварияның" сайтынан алынды.
"Бавария" командасының шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасының финалдық кездесуінде Криштиану Роналдудың рекордын жаңартуы мүмкін. 

Франциялық "Лион" командасына қарсы өткен кездесуде польшалық шабуылшы бір гол соқты. Ал есеп 3:0 есебімен аяқталған еді. Бұл Левандовскидің биылғы маусымдағы осы турнирде соққан 15-ші голы болатын. 

Жалпы Чемпиондар лигасында бір маусымда ең көп гол соққан футболшы - Криштиану Роналду. Португалия құрамасының шабуылшысы 2013/14 жылғы маусымда "Реал" сапында 17 гол соққан еді. Ал 2015/16 маусымда ол 16, 2017/18 жылы 15 гол соққан. 

Левандовскидің бұл рекордты қайталауына, тіпті жаңартуына мүмкіндігі бар. Ол үшін шабуылшы финалдық ойында 2 немесе 3 гол соғуы керек. 

Айта кетейік, Бавария" және ПСЖ арасындағы финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

"Бавария" үшін бұл 11- финал болайын деп тұр. Ал ПСЖ болса бірінші рет финалға шықты.



Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?