"Приштина" болса "Линкольн Ред Импс" ұжымына қарсы ойнау керек еді. Алайда косовалық команданың көп ойыншысы вирус жұқтырып, ойын кейінге шегерілген. Кейін команда 20 ойыншы жинай алды. Бірақ бұл құрамның ішінде де індет жұқтырғандар болды.
Сондықтан да УЕФА "Слован" мен "Приштина" командаларына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазды.
Осылайша "Клаксвик" командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Екінші кезеңде бұл ұжым швейцариялық "Янг Бойз" командасымен кездеседі. "Линкольн Ред Импс" болса "Унион Титус" (Люксембург) командасына қарсы ойнайды.