Команданың бұрынғы басшыларын қайта қайтару керек - "Астананың" бұрынғы бапкері

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" командасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов команданың Чемпиондар лигасынан шығып кетуіне байланысты пікір білдірді. 

"Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда беларуссиялық "Динамо-Брес" командасымен кездесіп, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. 

"Астана" сапында өзгерістер болмаса, жақсы ешнәрсе күтпей-ақ қойыңыздар. Мұны мен бір жыл бұрын айтқанмын. Менің ойымша, команданың бұрынғы басшыларын қайтару керек. Ол басшылары клубтың осы уақытқа дейін жетістікке жетуіне қыруар еңбек етті. Солардың арқасында клубты Еуропа елдерінде тани бастады", - деді Стойлов KazFootball.kz порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, "Астана" бірінші рет Беларусь командасынан өте алмай қалды. Бұған дейін елордалық ұжым екі рет БАТЭ командасын турнирден шығарған еді. 

Енді Михал Билектің командасы Еуропа лигасының екінші іріктеу турнирінде ойнайды. Елордалық команданың қарсыласы 31 тамыз күні анықталады. Ал ойын 17 қыркүйек күні өтеді.

 






Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?