Кевин де Брюйне Чемпиондар лигасының финалында мұрнын сындырып алыпты

Ағылшындық "Манчестер Сити" командасының капитаны Кевин де Брюйне Чемпиондар лигасының финалында "Челсиге" қарсы өткен ойында мұрнын сындырып алыпты. 

Порту қаласындағы "Драгау" стадионында өткен бұл ойын 1:0 есебімен лондодық команданың пайдасына аяқталды. Де Брюйне болса екінші таймның басында Антонио Рюдигермен соғысып, алаңнан кеткен болатын. 

"Қазір ғана емханадан оралдым. Мұрным сынғаны анықталды. Бірақ өзімді жақсы сезініп тұрмын. Дегенмен кешегі ойыннан кейін әлі көңіл-күйім жоқ. Біз қайта ораламыз", - деп жазды 29 жастағы ойыншы "Твиттер" парақшасында. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?