"Қайраттың" ЧЛ-дағы қарсыласы "Челсидің" бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты

Бен Сарр. Сурет "Челси" сайтынан алынды.

Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы хайфалық "Маккаби" "Челсидің" бұрынғы шабуылшысы мен тағы бес жаңа ойыншыны қатарға қосты.

Клуб сапын "Челсидің" бұрынғы футболшысы Бен Саар толықтырды. Қос тарап екі жылдық келісімшартқа қол қойған.

Саар осыған дейін "Челси", "Куинз Парк Рейнджерс", "Шеффилд Уэнсдей", "Портсмут", "Эспаньол" және АПОЭЛ сияқты тағы да басқа клубтарда доп тепкен.

Сонымен қатар "Маккаби" қақпашы Итамар Исраэли (Израиль), қорғаушылар Райан Стрейн (Австралия) мен Ури Даан (Израиль), жартылай қорғаушы Али Мохамед (Нигер) және шабуылшы Дин Дэвид (Израиль) сынды бірқатар жаңа футболшыларды алды.

Естеріңізге сала кетсек, хайфалық "Маккаби" мен "Қайрат" Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші раундында өзара кім мықтыны анықтайды. Алғашқы ойын 7-шілде күні өтсе, қарымта кездесу 14-шілде күні Алматыда болады.

Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?