Алматылық "Қайрат" командасының Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде қарсыласы болуы мүмкін деген командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қарсыластың нақты кім болатыны 15-маусым күні жеребе тарту кезінде белгілі болады.
Қарсылас болуы мүмкін деген командалар: "Маккаби Хайфа" (Израиль), ХИК, (Хельсинки, Финляндия), "Шахтер-Солигорск" (Беларусь), "Рига" (Латвия), "Нефтчи" (Баку, Әзірбайжан), "Теута" (Дуррес, Албания), "Фола" (Эш, Люксембург), "Валюр" (Рейкьявик, Исландия), "Буде-Глимт" (Буде, Норвегия), "Мура" (Мурска-Собота, Словения), "Борац" (Бани-Луки, Босния және Герцеговина), "Хамрун Спартанс" (Мальта), "Коннас-Ки Номадс" (Уэльс), "Линфилд" (Белфаст, Солтүстік Ирландия), "Шэмрок Роверс" (Дублин, Ирландия).
Айта кетейік, Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің бірінші ойыны 6-7 шілдеде, жауапты кездесу 13-14 шілдеде өтеді.