"Қайраттың" Чемпиондар лигасы үшінші кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Сурет: УЕФА

Бүгін, 19 шілде күні Ньон қаласындағы УЕФА ұйымының штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti,kz порталы.

Жеребе қорытындысы бойынша, "Қайрат" пен "Црвена Звезда" командалары арасындағы кездесудің жеңімпазы "Алашкерт" (Армения) - "Шериф" (Молдова) командаларының арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығатын болды.

Бұл ойындар 3/4 және 10 тамызда өтеді. Жеңімпаздар Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне шығады. 

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Црвена Звезда" арасындағы бірінші ойын 21 шілде күні Алматы қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Ал екінші ойын 29 шілде күні Белградта өтеді.

 

Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?