Жиру бір ойында төрт гол соғып футбол тарихына кірді

Оливье Жиру. Сурет: Reuters©
Лондондық "Челси" сырта алаңда испаниялық "Севилья" командасын жеңіп, өз тобында бірінші орынмен Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. 

Е тобындағы бесінші тур ойыны Севильяда өтіп, 4:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Жиру покер (8, 54, 74, 83-минут) жасады. 

УЕФА твиттерінің хабарлауынша, Жиру Чемпиондар лигасында покер жасаған ең егде футболшы. Ол төрт голды 34 жасында салып отыр. 

Одан бөлек, франциялық шабуылшы "Челси" тарихында ЧЛ турнирінде покер жасаған бірінші футболшы атанды. 

Биыл Жиру "Челси" сапында АПЛ-де бес кездесу өткізіп, бірде-бір гол соқпады. Ал Чемпиондар лигасында ол үш ойында бес гол соқты. 

Осылайша "Челси" 13 ұпай жинап, бірінші орын алды. "Севилья" болса 10 ұпаймен екінші орын алып, келесі кезеңге шықты. 


Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?