УЕФА твиттерінің хабарлауынша, Жиру Чемпиондар лигасында покер жасаған ең егде футболшы. Ол төрт голды 34 жасында салып отыр.
Одан бөлек, франциялық шабуылшы "Челси" тарихында ЧЛ турнирінде покер жасаған бірінші футболшы атанды.
Биыл Жиру "Челси" сапында АПЛ-де бес кездесу өткізіп, бірде-бір гол соқпады. Ал Чемпиондар лигасында ол үш ойында бес гол соқты.
Осылайша "Челси" 13 ұпай жинап, бірінші орын алды. "Севилья" болса 10 ұпаймен екінші орын алып, келесі кезеңге шықты.