Туриндік "Ювентус" клубының шабуылшысы Гонсало Игуаин Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Барселонаға" қарсы ойында католониялық команданың жанкүйерлеріне ортаңғы саусағын көрсетті.
87-ші минутта Игуаиннің орнына ойынға Фабрицио Калигару шықты. Ойынға көңілі толмаған форвард қарсылас команданың жанкүйерлеріне бейәдеп қылық көрсетті.
Еске салайық, 12 қыркүйекте "Камп Ноу" стадионында "Барселона" туриндік "Ювентусты қабылдады. Есеп (3:0) алаң иелерінің пайдасына шешілді. Осы ойында Месси тұңғыш рет Буфонның қақпасына гол салды. Иван Ракитч те қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді.
2007-2013 аралығында Игуаин мадридтік "Реал" сапында өнер көрсетті. "Ювентус" құрамына 2016 жылы жазда ауысты.

Жарнама