Лига чемпионов
29 қаңтар 09:45

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық команда белгілі

©instagram.com/championsleague/

УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/2026 маусымындағы жалпы кезеңнің 8-турындағы соңғы матчтар аяқталды. Нәтижесінде турнирдің плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Керемет сегіздік

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына тікелей жолдама алған сегіз команда белгілі болды. Олар:

«Арсенал» (Англия)
«Бавария» (Германия)
«Ливерпуль» (Англия)
«Тоттенхэм» (Англия)
«Барселона» (Испания)
«Челси» (Англия)
«Спортинг» (Португалия)
«Манчестер Сити» (Англия)

Бұл клубтардың плей-оффтағы қарсыластары шешуші раундтан кейін белгілі болады. Аталған кезеңге жалпы кезең қорытындысы бойынша 9–24 орын алған командалар қатысады.

Айта кетейік, Англия премьер-лигасынан қатысқан алты клубтың бесеуі бірден 1/8 финалға өтті. Тек «Ньюкасл Юнайтед» ғана плей-оффқа тікелей өте алмай, жалпы кестеде 12-орынмен шешуші раундта ойнайды.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен клубтар

1/8 финал жолдамасы үшін өтетін стыковый матчтарға келесі командалар қатысады:

? Рейтингі жоғары командалар:
«Реал» Мадрид (Испания)
«Интер» (Италия)
«Пари Сен-Жермен» (Франция)
«Ньюкасл» (Англия)
«Ювентус» (Италия)
«Атлетико» Мадрид (Испания)
«Аталанта» (Италия)
«Байер» (Германия)


? Рейтингі төмендеу командалар:
«Боруссия» (Дортмунд, Германия)
«Олимпиакос» (Греция)
«Брюгге» (Бельгия)
«Галатасарай» (Түркия)
«Монако» (Франция)
«Қарабах» (Әзербайжан)
«Будё-Глимт» (Норвегия)
«Бенфика» (Португалия)

Алғашқы матчтар 17–18 ақпанда, қарымта кездесулер 24–25 ақпанда 2026 жылы өтеді.


«Қарабах» Чемпиондар лигасындағы тарихи жетістікке жетті

Әзербайжанның «Қарабах» клубы соңғы 10 жылда ТМД елдерінен Чемпиондар лигасының плей-оффына шыққан алғашқы команда атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 2016 жылы санкт-петербургтік «Зенит» (1/8 финал) жеткен еді.

Сонымен қатар, «Қарабах» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының шешуші кезеңінде өнер көрсетпек.

Чемпиондар лигасының шешуші матчтарындағы ықтимал жұптар:

«Монако» / «Қарабах» — «ПСЖ» / «Ньюкасл»
«Брюгге» / «Галатасарай» — «Ювентус» / «Атлетико»
«Будё-Глимт» / «Бенфика» — «Реал» / «Интер»
«Боруссия» Дортмунд / «Олимпиакос» — «Аталанта» / «Байер»
«Қарабах» / «Монако» — «Ньюкасл» / «ПСЖ»
«Галатасарай» / «Брюгге» — «Атлетико» / «Ювентус»
«Бенфика» / «Будё-Глимт» — «Интер» / «Реал»
«Олимпиакос» / «Боруссия» — «Байер» / «Аталанта»
Стыковый кезеңнің жеребесі 30 қаңтарда өтеді.

1/8 финал қашан өтеді?

Чемпиондар лигасының 1/8 финал матчтары наурыз айында өтеді. Бұл кезеңнің жеребесі 27 ақпанда, шешуші раундтан кейін бірден тартылады.

uefa.com

Турнирмен қоштасқан командалар:

«Марсель», «Пафос», «Юнион», ПСВ, «Атлетик», «Наполи», «Копенгаген», «Аякс», «Айнтрахт», «Славия», «Вильярреал» және «Қайрат».

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет қатысып, 8 матчтың жетеуінде ұтылды:

«Спортингке» (1:4), «Реалға» (0:5), «Интерге» (1:2), «Копенгагенге» (2:3), «Олимпиакосқа» (0:1), «Брюггеге» (1:4) және «Арсеналға» (2:3).

Қазақстандық клуб жалғыз ұпайыды «Пафоспен» өткен матчта алды (0:0).

Жалпы кезеңде «Қайрат» 7 гол соғып, 22 гол өткізіп, Чемпиондар лигасының қорытынды кестесінде 36-орынға жайғасты.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport