Чемпиондар лигасындағы "Манчестер Сити" - "Реал" матчі өтпей қалуы мүмкін
Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Манчестер Сити" мен "Реал" арасындағы жауапты кездесу өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sports.ru.
Кездесу 7 тамыз күні Англияда өту керек. Бірақ кездесуді қалай өткізу керек екені түсініксіз. Себебі, бүгіннен бастап Ұлыбритания басшылығы Испаниядан келетін азаматтарға 14 күндік карантин жариялады. Бұл елде қазір коронавирус қайта өршіп кетті. Сондықтан "Реалың" футболшылары карантинге жатып қалуы ықтимал.
Айта кетейік, бұл екі команда арасындағы бірінші кездесу Мадридте өтіп, 2:1 есебімен "Манчестер Сити" жеңіске жеткен еді.

Жарнама