Чемпиондар лигасы: "Реалдың" 18 жастағы ойыншысы хет-трик жасады

6 қарашада, сәрсенбіде, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші айналымының ойындары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

А тобында париждық ПСЖ белгиялық "Брюгге" клубымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді. Ойынның 22-ші минутында Мауро Икарди жалғыз голдың авторы атанды. 


Осы топта өнер көрсетіп жатқан мадридтік "Реал" түркиялық "Галатасарайды" 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бразилиялық 18 жастағы шабуылшы Родриго (4, 7, 90) түркиялықтардың қақпасынан үш рет саңылау тапты, ал Карим Бензема (45, 81) екі гол салды, тағы бір голды Серхио Рамос салды. Бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жылдам голды салды.

В тобында мюхендік "Бавария" өз алаңында грекиялық "Олимпакосты" жеңіп, мерзімімен бұрын 1/8 финалға шықты. Ойын 2:0 есебімен аяқталды. Роберт Левандовский (69) мен Иван Перишич (89) өз командаларына жеңіс алып келді. 

Осы топтағы лондондық "Тоттенхэм" қонақта белградтық "Црвена Звезда" командасына жауапсызд төрт гол салды. Джовани Ло Чельсо (34), Сон Хын Мин (57, 61) және Кристиана Эриксен (85) қақпаға дөп тиді. 

С тобында Донецк қаласының "Шахтер" клубы загребтік "Динамомен" тең түсті. Есеп 3:3. "Динамо" сапында Бруно Петкович (25), Лука Иванушеч (83) және Ариян Адеми (89) көзге түсті. Ал "Шахтер" құрамындағы Алан Патрик (13), Жуниор Мораэс (90+3) және Тете (90+8, пенальтиден) есепті барынша теңестіруге тырысып бақты. 

"Манчестер Сити" италиялық "Аталанта" клубымен тең ойнады. Рахим Стерлинг кездесудің 7-ші минутында есеп ашты, алайда 49-шы минутта Марио Пашалича жауап қайтарды. Кездесудің 81-ші минутында қақпашы Клаудио Браво алаңнан қуылды. Оның орнына қорғаушы Кайл Уокер тұрды. 

D тобында мәскеулік "Локоматив" өз алаңында "Ювентустен" жеңілді - 1:2. Туриндік ұжымнан Арон Рэмзи (4) және Дуглас Коста (90+3) көзге түсті, ал Алексей Миранчук 12-ші минутта есепті қысқартты. 

"Байер" өз алаңында мадридтік "Атлетиконы" 2:1 еебімен ұтты. "Байер" сапындағы Кевин Фолланд (55), ал "Атлетикодан" Томаса Парти (41) және Альваро Мораты (90+4) автогол салды. 

ЧЛ топтық кезеңінің бесінші айналымы қарашаның 26-27 өтеді. 

Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?