Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қалай өтетіні белгілі болды

Фото: cgtrader.com©
Чемпиондар лигасының биылғы маусымы Лиссабонда "Сегіздің финалы" форматында өтеді, - деп хабарлайды РИА Новости италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Еуропа лигасы да осындай формат бойынша Германияда аяқталады. Ал Еуропа Суперкубогы Будапешт қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы Еуропа лигасы "Сегіздің финалы" форматы бойынша Испанияда ұйымдастырылады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Ювентус" - "Лион" және "Барселона" - "Наполи" қарымта матчтары Турин мен Барселонада өтеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымдағы финалы Ыстамбұл қаласында өтетіні белгілі болған. Алайда БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, финал басқа қалада өтетін болды.

Бейсенбіде 17 маусымда УЕФА атқарушы комитетінің отырысында финалдың өтетін күні мен орны туралы шешім қабылдайтыны туралы мәлімдеді.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?