Бэйл Чемпиондар лигасында "Манчестер Ситиге" қарсы кездесуге шығудан бас тартты

Гарет Бэйл. Сурет: sports.ru©
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Гарет Бэйл Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Манчестер Ситиге" қарсы кездесуге қатысатын футболшылардың тізіміне енбеді. 

Кездесу бүгін, 7 тамыз күні Англияда өтеді. Бұл екі команда арасындағы бірінші кездесу 2:1 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталды. 

"Реал" бас бапкері Зинедин Зиданның айтуынша, бұл кездесуге Бэйлдің өзі қатысудан бас тартқан. 

"Біздің Бэйлмен қарым-қатынасымыз туралы көп нәрсе айтылды. Бапкер мен футболшы ретінде біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Екеуміз жеке сөйлестік. Сол кезде ол алдағы кездесуде ойнағысы келмейтінін айтты. Қалған әңгіме екеуміздің арамызда қала берсін. Не айтқанымыз туралы сіздерге айтпаймын. Бэйл "Реал" ойыншысы. Сол үшін мен оны құрметтеймін. Қазір "Манчестер Ситиге" қарсы кездесуге дайындалып жатырмыз. Бірақ ол кездесуге Гарет қатыспайды", - деп келтіреді Зиданның сөзін Marca. 

Айта кетейік, бұған дейін Бэйл Зиданның көңілін қалдырғаны туралы айтылған еді. Ол жуық арада командадан кетуі мүмкін. 




Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз 2024, 11:35
Лига чемпионов
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті