"Баварияның" арқасында "Аякс" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

Сурет "Аякс" командасының ресми сайтынан алынды.
"Бавария" Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Лионды" 3:0 есебімен жеңді. Франциялық команданың турнирден шығып қалуына байланысты нидерландылық "Аякс" ұжымы келесі маусымда бұл турнирдің топтық кезеңіне тікелей жолдама алды. 

"Бавария" мен ПСЖ өз елдерінің чемпиондары ретінде келесі маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып қойған. Сондықтан биыл тағы бір топтық кезең жолдамасының иегері белгісіз болып тұрған. Себебі, "Лион" өткен маусымда Франция біріншілігінде сегізінші орын алып, турнирге жолдама ала алмады. Бұл команданың жолдама алатын бір жолы бар еді. ол Чемпиондар лигасында топ жару. Бірақ бұл команда кеше жеңіліп қалды. Енді келер маусымда еуродода өнер көрсетпейді. 

"Лионның" жарыс жолынан шығып қалуына байланысты топтық кезеңге берілетін тікелей жолдаманы "Аякс" командасы алып отыр. Өйткені, Нидерланды біріншілігі УЕФА коэффиценттер рейтингінде 11-орында тұр. 

Еске салайық, биыл ширек финалдан бастап ЧЛ Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Бір ойыннан ғана. "Бавария" және ПСЖ арасындағы финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

"Бавария" үшін бұл 11- финал болайын деп тұр. Ал ПСЖ болса бірінші рет финалға шықты. 






Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?