"Бавария" Чемпиондар лигасында "Барселонаның" рекордын жаңартуға жақын

Сурет: УЕФА
"Бавария" Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Лион" командасын 3:0 есебімен жеңіп, "Барселонаның" рекордын жаңартуға жақын қалды, - деп хабарлайды Eurosport. 

Германиялық команда кешегі ойында биылғы Чемпиондар лигасында 42-шы голын соқты. Ал бір маусымда бұл турнирде ең көп гол ұрған "Барселона" командасы. Каталондық ұжым 1990/00 жылдары 45 гол салған. "Бавария" биыл аталған рекордты бұзуға жақын. 

Жалпы Мюнхэн қаласының командасы турнирдің финалына 11 рет шығып тұр. Бұл көрсеткіш бойынша "Милан" командасымен теңесті. Чемпиондар лигасының финалына ең көп шыққан "Реал" командасы. Мадридтік команда финалда 16 мәрте ойнаған. 

Финалда "Баварияның" қарсыласы ПСЖ болады. Франциялық команда "Лейпциг" клубын 3:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда италиялық "Аталантаны" 2:1 есебімен жеңген еді. 

Биыл ширек финалдан бастап ЧЛ Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Бір ойыннан ғана. Финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. 



Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?