Жалпы Мюнхэн қаласының командасы турнирдің финалына 11 рет шығып тұр. Бұл көрсеткіш бойынша "Милан" командасымен теңесті. Чемпиондар лигасының финалына ең көп шыққан "Реал" командасы. Мадридтік команда финалда 16 мәрте ойнаған.
Финалда "Баварияның" қарсыласы ПСЖ болады. Франциялық команда "Лейпциг" клубын 3:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда италиялық "Аталантаны" 2:1 есебімен жеңген еді.
Биыл ширек финалдан бастап ЧЛ Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Бір ойыннан ғана. Финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.