Мюнхендік "Бавария" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші айналымда француздық "ПСЖ" алаңында жеңіліп қалды.
Кездесу Францияның "Парк де Пренс" стадионында өтті. Есеп алаң иелерінің пайдасына (3:0) шешілді. Дани Алвес (2-ші минутта), Эдисон Кавани (31-ші минутта) және Неймар (63-ші минутта) гол соқты.
Бұл жеңіліс "Бавария" үшін 2001 жылдан бері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші рет болды. Ол кезде мюхендік команда осындай есеппен француздық тағы бір клубқа - Лионнан жеңілген еді.
Екі айналымнан кейін ПСЖ алты ұпаймен В тобында көш бастап тұр. Ал "Бавария" мен "Селтикте" үш ұпайдан. "Андерлехт" командасында әзірге ұпай жоқ.
Жарнама