Каталониялық "Барселона" мен мадридтік "Реал" келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысады. Мұндай шешімді клубтар УЕФА тарапынан алған, деп хабарлайды Fotball Espana.
Бұған дейін 2021/22 жылғы маусымда Чемпиондар лигасына "Ювентус" командасы да қатысуға мүмкіндік алды.
Еске салайық, шетелдік басылымдар Суперлиганы құрып, негізін қалағаны үшін "Реал", "Барселона" және "Ювентус" командалары ЧЛ турнирінен шеттелуі мүмкін деген ақпарат шыққан. Бірақ маусымның басында италиялық командаға қатысты тергеу аяқталып, туриндік команда шеттелмеді.