Лига чемпионов
14 тамыз 2020 11:29

"Атлетиконы" жеңген "Лейпциг" командасы Чемпиондар лигасының тарихына кірді

Сурет: "Лейпциг" командасының сайтынан алынды.
Чемпиондар лигасының ширек финалында "Атлетико" командасын жеңген "Лейпциг" ұжымы турнирдің тарихына енді. 

"Лейпциг" командасы Диего Симеонің "Атлетико" командасын плей-офф кезеңінде Роналдусыз жеңген бірінші команда ретінде тарихқа кірді" - деп жазады УЕФА ұйымының Twitter парақшасы. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде "Атлетиконың" тек Роналду ойнаған командалар плей-офф кезеңінде жеңді. Нақтырақ айтатын болсақ, "Реалмен" ол Роналду мадридтік команданы төрт рет жеңсе, "Ювентус" командасымен бір рет жеңді. 

Еске салайық, ЧЛ-ның ширек финалында "Лейпциг" "Атлетико" командасын 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Енді олар ПСЖ командасымен кездеседі. Франциялық ұжым "Аталантаны" 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шығып еді.

Турнирдің жартылай финалдық кездесулері 19 және 20 тамыз күндері өтеді. Ал финал 24 тамызға жоспарланған.