Лига чемпионов
27 шілде 2019 13:23
 

"Атлетико" мадридтік "Реалға" жеті гол салды

  Пікірлер

blog.share

"Атлетико" мадридтік "Реалға" жеті гол салды © goal.co

Испаниялық "Атлетико" клубы Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испаниялық "Атлетико" клубы Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-та өткен испаниялық қос команданың ойыны 7:3 есебімен "Атлетико" пайдасына шешілді. Корольдік клубтың қақпасына бірінші гол ойын басталысымен кіріп кетті. Осылайша бірінші кезеңде "Реал" қақпасына жауапсыз бес гол кірді. 

Жеңімпаз клубтың сапында Диего Коста (1, 28, 45-пенальти, 51), сондай-ақ Жоау Феликс (8), Анхель Корреа (19) және Витоло (70) мадридтік клубтың қақпасынан саңылау таба білді. Жеңілгендер жағында Хосе Начо (60), Карим Бензема (85-пенальти) және Де Ла Фуэнте (89) есепті сәл де болсада қысқартты.

Ойынның 65-ші минутында "Реал" сапындағы Даниэль Карвахаль мен "Атлетико" шабуылшысы Диего Коста алаңнан қуылды. 

Айта кетейік, Диего Симеоненің командасы турнирдегі екінші кездесуін өткізді. Осыған дейін, "Атлетико" мексикалық "Гвадалахар" командасын пенальтиден (5:4) жеңді. "Реал" үшін бұл үшінші ойын. Зинедин Зидан шәкірттері "Бавариямен" кездесіп, 3:1 есебімен жеңілген еді. Ал лондондық "Арсеналды" 3:2 есебімен пенальтиден жеңді. 

Жарнама

Живи спортом!