"Аталанта" капитаны команданың бас бапкерімен ұрысып қалды

Сурет "Аталанта" сайтынан алынды.
"Аталанта" капитаны Алехандро Гомес Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-туры аясында "Мидтьюлландқа" (1:1) қарсы матчта команданың бас бапкері Джан Пьеро Гасперинимен қақтығысқа түсті,- деп хабарлады La Gazzetta dello Sport.

Үзіліске дейін Гасперини Гомеске шабуылдың оң қапталында ойнауын өтінген, бірақ 32 жастағы аргентиналық ойыншы бас тартты, ал көрермендердің аздығынан футболшының айтқан сөзі қатты естілді. Үзіліс кезінде "Аталанта" бапкері Гоместің орнына Йосип Иличичті алаңға шығарды. Гоместің өзі киім ауыстыратын бөлмеде қалды, тіпті ойын біткенше сол жерден шықпады.

D тобында "Ливерпуль" турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама жеңіп алды. Мерсисайдтық команда өз тобында 12 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында "Аталанта" келе жатыр (8 ұпай). "Аякс" жеті ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Соңғы орынға "Мидтьюлланд" (1 ұпай) тұрақтады.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?